Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы, циклонның ағып кетуінен, жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі.

Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, шығыста және орталықта — көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста — шаңды дауыл күтіледі.

«Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10...18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында