06.10.2021, 12:44
Жаңалықтар
Елімізде екі қалада 5G сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда 5G енгізілетіні 2019 жылы белгілі болған
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандағы екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G желісін сынақтан өткізу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатыр. Алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетуде», - деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Айта кетейік, елімізге 5G желісінің стандарты енгізілетіні 2019 жылы, үкімет отырысынан кейін белгілі болған еді. Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл желі 3G мен 4G-ді алмастырмайды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды