Өңірде 923 мың тоннаға жуық өнім жиналды
Өңірде қазіргі уақытта дәнді дақылдардан 873 мың гектардың 765 мың гектары жиналып, 922,9 мың тонна өнім алынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, өнімділік гектарына 12,1 центнерді құрады. Оның ішінде бидай 637 мың гектардан 567 мың гектары жиналып, 711 мың тонна алынды. Өнімділік гектарына 12,5 центнерді құрады. Өткен жылы өнімділік 9,6 центнер болған. Ал арпа бойынша 103 мың гектардан 120 мың тонна өнім алынды. Өнімділік гектарына 11,6 центнер болды. Өткен жылғы көрсеткіш - 8,4 центнер.
«Қарақұмықтан 53 мың гектардың, 30 мың гектары жиналып, 25,7 мың тонна өнім алынды. Өнімділік гектарына 8,6 центнерді құрайды. Өткен жылы өнімділік 6,3 центнер болған. Дәнді дақылдар бойынша облыста ең көп - Ертіс ауданы 212 мың гектар еккен. Ауданда алқаптың 91 пайызы жиналды. Ал картоп бойынша биыл өнімділік төмендеген. 20,4 мың гектардан 19 мың гектар жиналып, 590,4 мың тонна картоп алынды. Өнімділік гектарына 310 центнер болып шықты. Өткен жылы 317 центнерді құраған», - деді басқармада.
Көкөністер мен бақша дақылдарынан 8,4 мың гектар жиналып, 281,9 мың тонна өнім алынды. Өнімділік гектарына – 334 центнер. Майлы дақылдардан 266 мың гектардан әзірге 23 мың гектар жиналды. Өнімділік гектарына – 5,6 центнер.
Сонымен қатар, келер жылға тұқым дайындау бойынша дәнді-дақылдардан жоспардағы 93 мың тоннаның 97 пайызы дайындалған. Ал картоптан 51 мың тоннаның 85 пайызы әзірленген.