Ресейлік режиссер ғарышта фильм түсірмек
Түсірілім жұмысы шамамен 12 күн ішінде аяқталады
Кинематография тарихында тұңғыш рет ғарышта фильм түсірілмек. Жаңа шығармашылық жобаның авторлары - ресейліктер. Бұл туралы lenta.ru ақпараттық порталы хабарлады.
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» ғарыш кемесі ұшырылды. Оның құрамында ғарышкер Антон Шкаплеровпен бірге кино саласының мамандары да бар.
Роскосмостың айтуынша, киноэкипажы бар зымыран Мәскеу уақыты бойынша 11:55-те ұшырылған. «Союз МС-19» жерге жақын орбитаға жеткен кезде халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) бағыт алады. Люктерді ашу және экипаждың станция бортына өтуі 17:05-ке жоспарланған.
Ғарышқа ұшқандардың түсірілім жұмысы шамамен 12 күн ішінде аяқталады. Содан соң олар «Союз МС-18» аппаратымен жерге оралады.
Негізгі экипаж құрамына Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, ғарыштық ұшуға қатысушылар режиссер Клим Шипенко, актриса Юлия Пересильд және олардың дублерлері — Олег Артемьев, Алексей Дудин және Алена Мордовина кірді.
Ғарышта тұңғыш рет түсірелетін кинотуынды «Вызов»деп аталады. Картинаның көгілдір экранға қашан жол тартатыны әзірге белгісіз.