$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2021, 15:05
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі қолданылмайтын оқ-дәрілерді жояды

Заң жүзінде оқ-дәрілерді кәдеге жарату жұмысын ИИДМ жүргізеді

Қорғаныс министрлігі қолданылмайтын оқ-дәрілерді жояды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов аппараттық кеңес өткізді, онда әскердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқ-дәрі қоймаларын тексеру барысы туралы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы бастығының баяндамасы қаралды. Инспекциялаудың аралық нәтижесі бойынша қазіргі уақытта әскери мүлік ретінде пайдаланылмайды деп танылған оқ-дәрілерді кәдеге жарату болып саналады.

«Заң жүзінде оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі жұмысты уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді. Бұл ретте оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың оқ-дәрілерді жою бойынша мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоймалар мен базаларда жылдар бойы сақтауға мәжбүр болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте Үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі. Оған сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жоятын болады. Тікелей іс-қимыл тәртібін екі министрліктің бірлескен бұйрығы айқындайды.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қойма өртеніп, жарылыс болған.

Серіктес жаңалықтары