Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 42 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

229 науқас аса ауыр халде жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте 42 адам коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

2 қазандағы жағдай бойынша елімізде 59 926 адам коронавирустан емделіп жатыр (51 697 КВИ+ және 8 229 КВИ-). Олардың 9 899-ы ауруханада емделсе, қалған 80 027-сі үй жағдайында ем қабылдауда.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар арасында

  • 767 науқас – ауыр халде
  • 229 науқас аса ауыр халде
  • 147 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша 180 адамда КВИ белгілері бар пневмония анықталған. 9 адам осы аурудан қайтыс болса, 290 науқас емделіп шықты.