ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2021, 04:10
Жаңалықтар

2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның шығыс бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер сенбі, яғни 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс жартысына әсерін сақтап қалады, онда тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауады, жел күшейеді, түнгі уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Қазақстанның батыс жартысы ауқымды еуропалық антициклонның ықпалында болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік бөлігінде және таулы аудандарында жел 15-22 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі.

 
Серіктес жаңалықтары