Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан ұлдар құрамасынан Италия татамиіне 10 дзюдошы шығады

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

6-10 қазан күндері Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан ұлдар құрамасынан Италия татамиіне 10 дзюдошы шығады. 

Олар: 

1. Шерзод Давлатов (60 кг)
2. Мерей Марханбетов (60 кг)
3. Әділ Марлен (66 кг)
4. Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
5. Данияр Шамшаев (73 кг)
6. Естай Серікболсын (73 кг)
7. Аян Байғазы (81 кг)
8. Ермахан Ануарбеков (90 кг)
9. Бекарыс Сәдуақас (-100 кг)
10. Аслан Мұхамеджанов (+100 кг)