$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2021, 23:37
Жаңалықтар

Алматыда толғағы қысқан келіншек перзентханаға жетпей босанып қалды

Қалада жеке шаруасымен жүргенде толғағы басталып кеткен әйел жақын маңдағы аурухана көмегіне жүгінген

 

Алматыда толғағы қысқан келіншек перзентханаға жетпей босанып қалды

Толғағы қысқан келіншек перезентханаға жете алмай босанып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тіркелген перезентханасына жетіп үлгермеген ана №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне жүгінген. Шұғыл түрде сынама алған ақ халаттылар жарты сағаттан соң әйелді босандырып алған. Қалада жеке шаруасымен жүргенде толғағы басталып кеткен келіншек осылайша дүние ұл бала әкелді.

«Ол келгеннен кейін бірден қабылдау бөлімшесінде шұғыл түрде қажетті минималды тексеру пакеті жедел жүргізілді: ұрықтың анализі мен ультрадыбыстық зерттеуі, перифериялық катетер орнатылды. 20 минуттан кейін клиниканың реанимация  залында, Қазақстан Республикасының  тағы бір азаматы дүниеге келді. Босануды стационар гинекологтарының кезекші бригадасы қабылдады. Әйелді босандырудың  барлық процесін клиниканың реаниматологтары жүргізді», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Жас ана өзінің екінші сәбиін дүниеге әкелген. Әйелдің тұрғылықты тіркелген жері Алматы облысында.

«Айы-күні толық жетілген. Әріптесім, доктор Шахло Абдужабарова екеуміз әйелді аурухананың қабылдау бөлімшесінің реанимациялық залында босандырдық. Босану асқынусыз, бірқалыпты өтті. Ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Бала жарық  дүние есігін ашты. Бұл – үлкен бақыт!»,- деді  №1гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Жамаева.

Қазіргі уақытта ана мен баланы жедел медициналық көмек және неонатальды бригада мамандандырылған медициналық ұйымдарға жеткізді.

Аурухана болғандықтан, мұнда күн сайын бала дүниеге келе бермейтіндіктен, бұл оқиға №7 қалалық аурухананың барлық қызметкері үшін жағымды әсерімен есте қалмақ. 

Серіктес жаңалықтары