Ұшақ апаты: құтқару шараларына мыңға жуық адам жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар құтқару жұмыстарына 70-тен астам техника қатысқан

Фото: ашық дереккөзден

Ұшақ апаты болған маңайдағы құтқару операциясына түрлі құрылымдардан мыңға жуық адам мен 70-тен астам техника қатысты. Сонымен қатар  оқиға орнында 33 жедел медициналық көмек бригадасы жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтық қорғау қызметтерінің іс-әрекеттерін үйлестіруге арналған республикалық жедел штаб құрылған. Сондай-ақ комитеттің ахуалдық орталығында, Алматы және Қостанай облыстарында зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін «жедел желі» жұмыс істеді.