Петропавлда жанар-жағармай тапшы
Дизель бағасы қымбаттап кеткелі кейбір автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Петропавлда қалаішілік бағыттағы кейбір қоғамдық көлік жүргізушілерді жұмысқа шығудан бас тартты. Оған қалада дизель бағасының шарықтап кетуі себеп. Облыста сұйық отынды екі жанармай бекетінен талон арқылы ғана сатып алуға болады. Тауар бағасы соңғы аптада литріне 56 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Петропавлда күн сайын 26 бағытта 160 автобус жолға шығады. Тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көліктердің саны кеміп қалды. Оған тасымалдаушылардың жұмысқа шығудан бас тартуы себеп.
«Дизель отынын табу қиындап кетті. Бір күн бойы тапқан ақшаға 35-40 литр сұйық отын алуға болады. Ескі көліктерге ол жететін. Енді жаңа автобусқа 70 литрі керек. Кеткен шығынды да ақтап жатқанымыз жоқ. Ақша болмай жатқандықтан кей автобустар жұмысқа шыққан жоқ. Мен жалдамалы жұмысшымын. Автобус қожайыны қажетті сұйық отынды өзі тауып берді. Әйтпесе бекеттерде жоқ», - дейді автобус жүрзгізушісі Николай Афанасьев.
Петропавлда қалаішілік бағыттағы автобустарда жол жүру билеті 80 теңге тұрады. Соңғы бес жылда баға өзгерген жоқ. Мердігерлердің айтуынша, шығынды толық жауып, пайда табу үшін соманы 200 теңгеге дейін көтеру қажет.
«Кейбір мердігерлердің жанармай қоры жоқ. Қазіргі бағаға дизель сатып ала алмай жатыр. Бағасы 199 теңгеден 255-ке бір-ақ барды. Сондықтан көлікті отынмен қамтамасыз ете алмай отыр. Жағдай осылай жалғаса берсе, басқа да тасымалдаушышар жолға шыға алмайды. Тығырықтан шығу жолын қарастырып жатырмыз. Жергілікті бюджеттен субсидия берілуі тиіс. Әзірге келісскөздер жүргізілуде», - деді «СҚО автөкөлік қауымдастығы» тасымалдаушылар қоғамының жетекшісі Галина Семенова.
Мердігерлер шығыны субсидия есебінен өтелмек. Сондықтан билет бағасы қымбаттамайды. Өңірде сұйылтылған газ да тапшы. Соңғы күндері бағасы 25 пайызға көтерілді.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО