КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті
Өткен тәулікте республика бойынша 2192 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 26 қыркүйекте жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2192 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 877 112 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 47 адам көз жұмды.