$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2021, 10:49
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны азайып келеді

Дегенмен, індет салдарынан өткен тәулікте 47 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны азайып келеді
Фото: РИА Новости

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 36 адам қайтыс болды.

26 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 283 адам коронавирус инфекциясынан (–55 396 + және 8 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 261 пациент стационарда, 53 022 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

900 адамның жағдайы ауыр,

226 пациенттің жағдайы өте ауыр,

143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша 187 жаңа жағдай тіркелді, 143 адам жазылып шыққан, 11 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

науқастар саны – 75 273; 

өлім жағдайы – 4795;

барлығы 61 591 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары