$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2021, 20:52
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарының базасында контейнерлік хаб құруды тапсырды

Мемлекет басшысы өңірдегі көлік-транзит әлеуетін дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарының базасында контейнерлік хаб құруды тапсырды
akorda.kz

Ақтау және Құрық порттарының базасында контейнерлік хаб құру қажет. Бұл туралы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент кеңес барысында өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайын да назарынан тыс қалдырмады.

«Қала тұрғындарының саны өскен сайын электр қуатын тұтыну көлемі де арта түспек. Сондықтан әкімдік 2023 жылға дейін Ақтаудағы Ботаникалық бақтың маңына қосалқы электр станциясын салуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ақтау қаласын көгалдандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды талап етіп, облыс әкіміне ағаш отырғызу мәселесін шешуді тапсырды. Бұдан бөлек Президент жергілікті экологиялық проблемаларға, соның ішінде «Қошқар Ата» қалдықтар қоймасына қатысты мәселеге тоқталды. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне үш жыл мерзім ішінде қалдық қоймасын қайта қалпына келтіруді және қалдық жиналатын толық инфрақұрылым қалыптастыруды, сондай-ақ қатты тұрмыс қалдықтарын нормативті талаптарға сай өңдеу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі көлік-транзит әлеуетін дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады.

Бұл ретте еліміздің теңіз порты арқылы өтетін транскаспий мультимодальді халықаралық жолының маңызы арта түседі. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке Ақтау және Құрық порттарының базасында контейнерлік хаб құруға және Қытайдан келетін экспорттық жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға тапсырма берді.


 

 

Серіктес жаңалықтары