20.09.2021, 13:51
Жаңалықтар
Қазақстанда соңғы бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалды – ІІМ
Полицейлер 7 кісі өлтіру және 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын ізін суытпай ашты
Фото: ашық дереккөзден
Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 190 қылмыс жасалған. Бұл туралы бүгін ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, жасалған қылмыстың 2 166-сын құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір тәулік ішінде әшкерелеген.
«Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіру, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 34 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді Нұрділдә Ораз.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды