$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2021, 12:53
Жаңалықтар

Экс-премьер Серік Ахметов жазасын өтеп болды - ҚАЖК

1 қыркүйекте оған тағылған барлық шектеулер алынып тасталды

Экс-премьер Серік Ахметов жазасын өтеп болды - ҚАЖК
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеп болды. 1 қыркүйекте оған тағылған барлық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті биыл 1 қыркүйекте өз жазасын өтеп болуына байланысты Серік Ахметовтың тіркеуден алынғанын хабарлады. Енді ол белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салатын қосымша жаза бойынша ғана пробацияда есепте тұр.

Естеріңізге салайық, экс-премьер Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған еді. Кейін апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын жеңілдетіп, 10 жылдан 8 жылға азайтқан. 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша С.Ахметовтің өтелмеген мерзімінің төрттен бірі азайтылып, сол жылдың қыркүйек айында бостандыққа шықты.

Серіктес жаңалықтары