Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық теннисші 59 минутқа созылған кездесуде 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті

фото ашық дереккөзден

Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Ұлттық теннис орталығында алғашқы іріктеу сайыстары басталды. Әлемнің 195-ракеткасы Д.Попко бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 846-орында тұрған болгариялық Симон Ивановпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 59 минутқа созылған кездесуде 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Д.Попко 7 эйс жасап, бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында аустриялық Юрий Родионов немесе аустралиялық Мэттью Эбденнің біреуімен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.