Кіші Талдыкөлге қатысты жағдай бойынша Экология министрлігі пікір білдірді
Министрлік Кіші Талдыкөлдің су объектісі ретінде қалдырылуы керек екенін айтты
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты жағдай бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство Талдыкөлдің су объектісі екенін атап өтті. Сондықтан әкімдік өз құзыреті шегіндегі су қорының жерін елдімекендер аумағына ауыстыру туралы қаулы шығарды.
«Су қорының жері табиғи немесе жасанды түрде жойылған, сондай-ақ су объектісінің көлемі кішірейген кезде басқа санаттарға ауыстырылады.
Көлдің қай бөлігі табиғи себептермен жоғалып кеткенін, су жинау алаңын салу нәтижесінде көлдің көлемі қаншалықты кішірейгенін зерттеу қажет», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты қосымша зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдау қажет.
«Министрліктің ұстанымы - Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалдырылсын. Бұл ретте, қала құрылысының салдарынан көлге түсетін жаңбыр және еріген сулардың ағыны азайғанын назарға ала отырып, оны қосымша толтыру мен айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет», - делінген ведомство хабарламасында.