$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 14:51
Жаңалықтар

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларация тапсыру мерзімі ұзартылады

15 қыркүйекте активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыру мерзімі аяқталды

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларация тапсыру мерзімі ұзартылады
көрнекі фото

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіру кезінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация бір рет ұсынылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.  

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке тұлға мынандай ерекше жағдайларды қайта ұсынады:

  • сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат;
  • банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғасы келетін тұлғалар;
  • жоғарыда аталған адамдардың жұбайлары (зайыптары).

Сондай-ақ, салық заңнамасына сәйкес жеке тұлға бұрын ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациясына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі қажет болса, қосымша декларацияны тапсыруына болады.

Биыл 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын тапсыру мерзімі аяқталған болатын.

Жеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімді ұзарту құқығы салық органына хабарлама жіберілместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі.

Жеке тұлғалардың декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кетуі туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.

Серіктес жаңалықтары