Оның қасындағылардан коронавирус анықталған
Владимир Путин өз ортасында COVID-19 вирусының анықталуына байланысты өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр. Бұл туралы Ресей президенті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен болған әңгімеде айтты, деп хабарлайды euronews.com.
«Владимир Путин өз ортасында коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты белгілі бір уақытқа өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы тиіс екенін мәлім етті», - делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осыған байланысты Ресей президенті осы аптада Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына бейне-конференц-байланыс режимінде қатысады, деп хабарлады Кремль.