$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2021, 12:50
Жаңалықтар

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартыла ма

Соңғы сот қаулысы бойынша, экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекте аяқталды

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартыла ма
Елжан Біртанов, фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

«Сот отырысы екі сағатқа созылды. Судья қазір кеңесу бөлмесіне кетті. Қаулыны қашан жариялайтыны белгісіз, бірақ түстен кейін жариялауы мүмкін», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ботагөз Баянова.

Айта кетейік, Елжан Біртанов Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған.

2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

2020 жылдың 7 қарашасында төрт айға үйқамаққа алынды;

2021 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты;

2021 жылдың 6 мамырында сот Елжан Біртановтың үйқамақ уақытын 14 маусымға дейін созды;

2021 жылдың 9 маусымында Біртановтың үйқамақ уақыты 14 шілдеге дейін созылды;

2021 жылдың 14 шілдесінде сот экс-министрдің үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты.

Серіктес жаңалықтары