$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2021, 17:19
Жаңалықтар

Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

Кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған

Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

Сот жүйесінің кәсіби терминдерін қазақ тіліне аударуда әлі де болсын күрделі мәселелер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Әсіресе мемлекеттік тілде жүргізілген істі кейбір процеске қатысушы азаматтар мүлде түсінбей жатады. Осындай болмауы үшін Қарағанды облыстық соты тіл басқармасымен бірлесіп, сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқулық шығарды. 120 академиялық сағаттан тұратын кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Алдағы уақытта судьялар осы әдістеме бойынша білімін жетілдіреді. Кейін оқуды қаншалықты игергенін білу үшін емтихан тапсырады. Атап өткен жөн, кәсіби салаға бейімделген тұңғыш оқулық өзге де облыстың сот қызметкерлері мен тілдер басқармаларына жіберіледі.

«Бұл кітаптың мақсаты – сот саласындағы қыметкерлердің қарапайым деңгейде оқып, тыңдап, жазып түсіну дағдыларын қалыптастыруға негізделді. Жалпы бұл кітапты жазуда сарапшы судьялар бізге көп көмек көрсетті десе болады. Жалпы, бұл кітапты бастамас бұрын 8 ай көлемінде сот саласындағы терминдерді, барлық іс жүргізу актілерінің үлгілерін қарап, сот отырысының хаттамалары, қылмыстық іс, азаматтық іс жүргізуді қарап, зерделеп барып кітап жазуға араластық», - дейді тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот #оқулық