Өткен тәулікте елімізде 3575 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 12 қыркүйекте жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің тағы бір өңірі «қызыл» аймақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 3575 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 839 499 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 72 адам көз жұмды.