$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2021, 00:31
Жаңалықтар

Қызылорда облысында екі мыңнан аса мұғалім вакцина салдырған

Қызылордада жаңа оқу жылында 102 оқушы коронавирус жұқтырды.

Қызылорда облысында екі мыңнан аса мұғалім вакцина салдырған
фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жалпы білім беретін мектептердегі 22180 мұғалімнің 95%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

2020-2021 оқу жылында мұғалімдер арасында коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 108 жағдайы тіркелді. Оның 40%-ы оффлайн форматта сабақ берген педагогтар.

«Ал жаңа оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін 22 мұғалім вирус жұқтырды. Дегенмен олардың 17-ісі мектеппен байланысты емес. Себебі, еңбек және бала күтіміне байланысты демалысы кезінде үй ошағындағы қарым-қатынастар арқылы жұқтырған. Олар білім беру ұйымына бармаған. Ал 5 жағдай жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастаған оқытушылар арасында анықталды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуақбаева.

Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды. Еске салсақ, Қызылордада жаңа оқу жылында 102 оқушы коронавирус жұқтырды.


 

 

 

Серіктес жаңалықтары