$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 22:23
Жаңалықтар

Карантин: Нұр-Сұлтанда мешіттерде намаз оқуға рұқсат берілді

Ал діни ғимарат жанындағы Ashyq жобасына қатысатын тамақтану орындарында еске алу шараларын өткізу үшін келушілер саны 30 адамнан аспауы керек

Карантин: Нұр-Сұлтанда мешіттерде намаз оқуға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша мешіттерде жұма намазын өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қаулыда мешіт, шіркеу, собор, синагога сияқты діни бірлестік объектілерінің штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілетіні жазылған. Ол үшін нақты жұмыс кестесі мен күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шаралар сақталуы керек. Мешіттерде сақтық шараларын қатаң сақтау арқылы «жұма намазын» өткізуге рұқсат беріліп отыр. Ал діни ғимарат жанындағы Ashyq жобасына қатысатын тамақтану орындарында еске алу шараларын өткізу үшін келушілер саны 30 адамнан аспауы керек.

«Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтықты сақталмаса, «жұма намаз», күнделікті православиелік дұға сияқты ұжымдық діни шаралар өткізуге тыйым салынады. Діни бірлестіктер объектілерінің жанында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерінде 30-дан аспайтын адаммен еске алуды өткізуге рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Серіктес жаңалықтары