Тиісті өзгерістерді бүгін Сенатта Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мәлім етті
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Сенат пен Мәжіліс депутаттағына кандидаттар үшін жалпыға бірдей декларация 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді. Тиісті өзгерістерді бүгін Сенатта Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі мәлім етті.
Сенат Әлихан Смайылов таныстырған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасын қабылдады.
«Заң жобасының ЕКІНШІ бағыты Республика Президенттігіне, Республиканың Сенаты мен Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттары үшін жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыру бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшуіне байланысты», - деді заң жобасын таныстырған Әлихан Смайылов.
Бұл заң сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
«Заң жобасы «инвестициялық резидент» ұғымын және Қазақстанда «инвестициялық салық резиденттігі» бағдарламасын енгізуді көздейді. Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы қазіргі таңда дүние жүзінде барынша кеңінен таралған құбылыс. Қазақстанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында, инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын қолдану ұсынылады. Онда елдің инвестициялық визасы мен салық резиденттігін алу болжамдалған», - деді Әлихан Смайылов.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан