Балалар үйінен сәби асырап алмақ ниеті бар ата аналарға бұл мекемелерге баруға рұқсат берілді
Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сай кейбір карантин шектеулері алып тасталады,
Жаңа қаулыға сай, балалар үйінен сәби асырап алмақ ниеті бар әлеуетті-ата аналарға бұл мекемелерге баруға рұқсат етіледі. Алайда олар рұқсат берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Сонымен қатар ұлттық алдын алу механизмі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы теріс нәтижесі бар, берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде баруға рұқсат етіледі.