Қазақстан елшісі Баян-Өлгий аймағының басшылығымен кездесті

Кездесуге қатысушылар болашақта бірлесіп жүргізілетін өзекті іс-жобаларды талқылады

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жалғас Әділбаев Баян-Өлгий аймағының басшылығымен кездесті деп хабарлайды Елшілік баспасөз қызметі.

Елші аймақ басшысы Бауыржан Дәлелұлы ҚР басшылығының бастамаларын, еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Жалғас Әділбаев моңғол тарапына 2021 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталары мен Үкіметтің бірлескен мәжілісінде сөйлеген «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйені құру, саяси жаңғырту, адам құқықтарын қорғау және қоғамды шоғырландыруға бағытталған бірқатар бастамаларын атап өтті.

Бұдан басқа, тараптар көлік, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық салаларындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша пікір алмасты. Бұл ретте, Елшілікке аймақ басшылығының атынан нақты ұсыныстар айтылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.