ШҚО-да сотталған 75 адам жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар шарттарды орындамай, тәртіп бұзған

фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында сотталған 75 адам жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді, деп хабарлайды ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі.

Үлбі аудандық пробация қызметінің мамандары жазасын өтеу шарттарын бұзған 80-ге жуық сотталғанды анықтады. Олардың барлығына шарттарды сақтамаған жағдайда жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жайлы ескертілген. Тиісті қорытынды жасамағандардың ісі сотқа жолданды.

«Пробация қызметінің есебінде тұрғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарға жол бермеу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Белгілі болғандай, 80-ге жуық адам жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзған. Олардың 75-і колонияға жіберілді. Ал бесеуіне қатысты іс сотта қаралуда», – дейді аудандық бөлім бастығы Алмас Бұйратов. Айта кетейік, бүгінгі таңда Үлбі аудандық пробация қызметінде 300-ден астам есепте тұр.


 

 

Тегтер: