$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2021, 00:26
Жаңалықтар

Карантин: Түркияда 18 миллион оқушы мектепке оралды

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір мұғалімдердің 72%-дан астамы вакцина алған

 

Карантин: Түркияда 18 миллион оқушы мектепке оралды
фото ашық дереккөзінен алынды

Түркияда бір жарым жылдан кейін 18 миллион оқушы мен 1 миллионнан астам мұғалім мектепке барды, деп хабарлайды Хабар 24

Анадолыда орта білім беру орындары мен университтер жаппай дәстүрлі білім беруге көшті. Ұлттық білім беру министрлігі жаңа оқу жылындағы сақтық ережелерін бекітті. Оған сәйкес, оқушыдан немесе мұғалімнен коронавирус анықталған жағдайда сынып оқуын жалғастырады. Балалардың 14 күн бойы тәулігіне 2 рет дене қызуы өлшеніп, үзіліске басқа сынып оқушыларынан бөлек шығады. Ал егер 10 күнде екінші оқушы ковид жұқтырған жағдайда екі аптаға карантинге жіберіледі.

Оқушылардың сыныптағы және автобустағы орындарын ауыстыруға тыйым салынған. Жыл басында қай орындықта отырса, оқу жылының аяғына дейін сол жерде отыруы тиіс. Сондай-ақ тасымалдау көлігінде оқушылардың бірінен қауіпті індет анықталған жағдайда басқа оқушылар науқаспен қатынаста болған деп есептеледі. Дегенмен олардың оқшаулануы үшін әрбір оқушының бетперде тағып-тақпағаны тексеріледі. Егер бетперде тақпағандар болса, автобустағы барлық оқушы 14 күнге карантинге жіберіледі.

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп қабырғасында жұмыс істейтін қызметкерлер мен университтегі 18 жастан үлкендер екпе куәлігі мен аптасына екі рет ПТР сынамасы нәтижесін көрсетуге міндетті.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазірге дейін мұғалімдердің 72% астамы вакцинаның екі дозасын да қабылдаған. Ал бірінші дозасын 85%-і алған.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Түркия #карантин