07.09.2021, 17:53
Жаңалықтар
Қызылорда облысында лауазымды тұлға 50 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Ол Шымкент қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Ол бұған дейін келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.
Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар, кеше оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Аптикаликовқа қатысты Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған үкімі жарияланды.
Ол ақпан айында 30 млн теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды