Тәртіп сақшылары барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Семейде полиция қызметкерлері 11 үйді тонап кеткен әккі ұрыны ұстады, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір ер адамның 11 үйге ұрлыққа түскені анықталды.
«Әккі ұры терезе арқылы үйге кіріп жүрген. Тұрмыстық техника, бағалы зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап, із суытып отырды. Ұрланған заттарды Семейдегі ломбардтарға өткізген» делінген ведомство өкілдері таратқан хабарламада.
Күдіктінің басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.