Екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 6,8 млн-нан асты деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 839 097 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 662 697 адам.
Аймақтар арасынан екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр.