Абай аудандық № 2 соты 48 жастағы жүргізушіні 3,5 жылға бас бостандығынан айырды
Қарағанды облысында жол-көлік оқғасы салдарынан қаза тапқан адамның ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Абай аудандық № 2 соты 48 жастағы жүргізушіні 3,5 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қауіпсіздік деңгейі минимал қылмыстық-орындаушы жүйе мекесінде өтейтін болады.
«Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын қанағаттандырды. және сотталғанның пайдасына 2,5 миллион теңге өндіріп алды. Екінші жәбірленушінің пайдасына сот 300 мың теңге өндіріп алды», - деп толықтырды Қарағанды облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Жүргізушіге қатаң шара қолдаунға оның көлікті мас күйде жүргізгені себеп болған.
Еске салайық, мас жүргізуші 10 маусымда Абай ауданының Көксу ауылында екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олардың бірі 19 жастағы студент - Светлана Студухинаны қағып, досының көлігіне кіріп кеткен. Жол көлік оқиғасынан кейін жүргізуші зардап шегушіге көмек көрсетпеді және оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бала соққы салдарынан жолдың шетіне қарай ұшып кеткен. Екінші зардап шеккен адам қандай да бір себептермен болған оқиға туралы ешкімге хабарламады және кеткеннен кейін бірден үйіне қайтып кеткен. Кейін жәбірленуші жас жігіт өз іс-әрекетін шок күйінде болғанын түсіндірді.