Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады
Еліміздің бірқатар аймағында жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 желтоқсан күні сағат Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаяу бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» (16-200 шақырым) бағыттарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында жол көрінбейтін ақтүтек боранға байланысты «Өскемен - Шемонайха – РФ шекарасы» (105-123 шақырымы) бағытында жол жабылды.
25 желтоқсан ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда - Павлодар» (1206-1135 шақырымы) бағыттарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
ТЖ комитеті азаматтарға ауа райы өзгерістерін бақылауда ұстап, қолайсыз ауа райында алысқа жолға шықпау жөнінде кеңес береді.