$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 11:31
Жаңалықтар

Қызылордада мемлекетке 687 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Мемлекет кірісіне 105 миллион теңге өндірілді

Қызылордада мемлекетке 687 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті екі жыл бойы жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Қаржылық барлау барысында «НаурызСтройПроект» ЖШС басшысы мен 5 жауапты тұлғасы жүйелі негізде бірқатар кәсіпорындарға шарттың жалпы сомасының 6% мөлшерінде сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып бергені анықтады.

Бұдан әрі тергеу «НаурызСтройПроект» ЖШС-нің қызметкерлер штаты, мүлкі және өндірістік-техникалық базасы жоқ екенін, ал құжаттарда көрсетілген жұмыстар (қызметтер) іс жүзінде орындалмағанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 687 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.

Қылмыстық топтың үш мүшесі 2 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған үшеуі 2 жылға шартты түрде сотталды.

Мемлекет кірісіне 105 миллион теңге көлемінде келтірілген зиянның бөлігі өндіріліп алынды.

Серіктес жаңалықтары