Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді

Автор: Azattyq Rýhy

4 қыркүйектен бастап «Аshyq» қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады

Фото: sputnik.kz

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, нің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа қаулыда қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты болуына байланысты карантин шараларының жеңілдейтіні айтылады. 

Құжатқа сәйкес, 4 қыркүйектен бастап «Аshyq» қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады. Ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі.

«Аshyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, «Аshyq» жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды», - делінген құжатта.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.