$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.08.2021, 18:52
Жаңалықтар

Айжан Тәшенова: «Байбек барлық қаражатты аутизмі бар балаларға аударды»

Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева сот шығындарын өтеді

Айжан Тәшенова: «Байбек барлық қаражатты аутизмі бар балаларға аударды»
Айжан Тәшенова, фото: facebook

Заңгер Айжан Тәшенова Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға талап-арызы бойынша атқарушылық іс жүргізу барысы туралы хабардар етті.

«Мамай мен Иманбаева 27 тамызда, яғни шоттарына тыйым салынғаннан кейінгі екінші күні 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын дереу өтеді. Яғни, сот шешімін орындамайтыны туралы мәлімдемелері мен қитұрқы әрекеттеріне қарамастан, Мамай мен Иманбаева шешімді мәжбүрлі түрде асығыс орындады. Сонымен, демалыс күндері олардың шоттарынан алынған қаражат сот орындаушысының депозитінде болды. Ал бүгін, бірінші жұмыс күні Б.Байбектің өтініші бойынша қаражат аутизмі бар балаларға жәрдем үшін «Болашақ» корпоративтік қорына аударылды (төлемдер түбіртегі қоса беріліп отыр).

Осылайша, Мамай мен Иманбаева өз еркімен емес, мәжбүрлеу арқылы қоғамға қандай да бір пайдалы нәрсе жасай алды», - деп жазды заңгер.

Айжан Тәшенованың айтуынша, осы аралықта Мамай тағы бір цирк қойылымын ұйымдастыруға тырысқан.

«Мамай өзінің бастамаларына «халықтың қолдау білдіретінін» мәлімдеп, небәрі 5 адамнан құралған бар жасағын қарапайым халықтан ақша жинау үшін көшеге шығарды. Алайда оларға қолдарында «Мамай – алаяқ, ұры, сатқын, титушка» деген плакаттары бар адамдар бөгет жасады. Осыдан кейін олардың ешқайсысы қайта көшеге шыққан жоқ. Бұл Мамай мен оның ешқандай қолдауы жоқ жалған партиясы жақтастарының шынайы санын көрсетіп берді.

Сонымен, Мамай 27 тамыздағы өз жазбасында «Kaspi-шотына ғана 300 адамның ақша жібергенін» атап өтті. Бұл – Мамайдың «300 спартандық» тақырыбындағы кезекті қиялы. Оны фактілерге сүйеніп, теріске шығару оңай», - деді А.Тәшенова.

Заңгер талап қоюшының заңды өкілі ретінде сот орындаушысымен үнемі байланыста екенін және барлық құжатқа қол жеткізе алатынын айтты. Банкке жіберілген инкассалық өкімге сәйкес Мамай мен Иманбаеваның Kaspi-шоттарына түсетін барлық қаражатты сот орындаушысы автоматты түрде шегеріп алып отырады.

«Осылайша, егер Мамайдың сөзі рас болса, онда тек оның шотынан 26 және 27 тамызда 300 банктік шегеріп алу болуы керек еді. Нақты дерекке сүйенсек, Мамай мен Иманбаеваның 2 шотынан бар-жоғы 7 төлем ғана болды (төлемдер түбіртегі қоса беріліп отыр)», - деп заңгер дәлелін көрсетті.

Бірінші күні 4 төлем: Мамайдан – 142.478 теңге, 7.466 теңге және 500 теңге, Иманбаевадан – 20.951,39 теңге. Екінші күні 3 төлем: Мамайдан – 287.417 және 339,14 теңге. Сондай-ақ Иманбаевадан – 417.248,86 теңге, яғни бұл соманың жартысына жуығы, алайда оның шоты ақша жинау үшін мүлде қарастырылмаған еді (!!!).

«Көріп отырғанымыздай, Мамай мен Иманбаеваның шоттары бірнеше рет ірі төлемдермен толықтырылды. Олар өтірік пен алдау арқылы тапқан қаражатын сандықтан шығарып, халықтың қолдауы ретінде шотқа өздері салғаны көрініп-ақ тұр.

Бүгінгі таңда әр адамда Kaspi қосымшасы бар екенін ескерсек, біреудің Мамайға қолма-қол ақша әкеліп бергеніне ешкім сенбейді. 500 және 339 теңге көлеміндегі екі аударымды ғана басқа адамдардан түскен деуге болады. Бұл халықтың Мамайға деген сенімінің нақты көрсеткіші. Сол себепті де ол өзінің «қайырымдылық» шотынан үзінді көшірме жариялаған жоқ және жарияламайды да (!!!). Сонымен қатар, Мамайдың әлеуметтік желідегі ақша жинау туралы жазбасына жүздеген халық теріс пікір қалдырды. Алайда Мамай оларды дереу өшіріп отырды. Бұл пікірлердің скриндерімен өздеріңіз де таныса аласыздар (қоса беріліп отыр).

Яғни, Мамай мен Иманбаеваның тіпті сауатты өтірік айтуға тиісті білімі де, ақыл-парасаты да жетпей отыр. Олар дүрлігу мен сасқалақтау үстінде болып, асығыс өтірік айтқаннан кейін өздерінің шынайы жүздерін көрсетіп, өтіріктерін растады.

Енді сот шешімінің басқа талаптарын – жалған материалдарды алып тастау және оларды теріске шығаруды орындауға қатысты», - деп жариялады.

27 тамыздан бастап (шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн) Мамай мен Иманбаеваға әр орындалмаған күн үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5.834 тенге) өсімпұл есептеледі. Ол мәжбүрлеп алынуы, соның ішінде шотты бұғаттау арқылы өндірілуі мүмкін.

2 ай ішінде орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік (қамауға алу немесе айыппұл) туындайды. 6 айдан астам уақыт орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекс іске қосылады – 800 сағаттық қоғамдық жұмыстар, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

«Осылайша, егер Ж.Мамай мен И.Иманбаева сот шешімін толық орындамаса, онда біз олардың тағы бір басты шоуын – Алматы қаласының көшелерін бірлесіп сыпыруын көруге тәуекел етеміз.

Бірде Авраам Линкольн: «Халықтың бір бөлігін әрдайым, бүкіл халықты біршама уақыт алдай аласыз, бірақ бүкіл халықты әрдайым алдай алмайсыз» - деген екен.

Осы сөздерді басшылыққа ала отырып, адамдар, ең алдымен Мамайдың жақындары – оның ата-анасы мен балалары өздері ол туралы қорытынды жасай алу үшін мен осы сот дауына қатысты барлық материалды әлеуметтік желілерге саламын. Қоғам үшін пайдалы істермен айналысудың, өз балаларын тәрбиелеудің, елі мен өз отбасының игілігі үшін адал жұмыс істеудің орнына Мамай Иманбаевамен бірге мақсатты түрде адамдарға жала жауып, өтірік айтады және теріс пиғылды әрекеттер жасайды. Мұның бәрі сотта дәлелденді және Интернетте сақталатын болады.

Айтпақшы, бүгін «тікелей эфир» барысында танымал блогерлермен бірге Мамай сотқа ұсынған барлық 2 мың беттік (!) дәлелсымақтарының дәлелсіздігіне тағы бір рет жария түрде көз жеткіздік. Менің әлеуметтік желілер арқылы жасалған шақыруыма қарамастан, Мамай да, Иманбаева да, олардың заңгерлері де, олардың «құтқару таяқшасы» іспеттес Базарбек те тікелей сөйлесуден тағы да қашып, сол беттерімен «тікелей эфирімізге» қатысқан жоқ. Яғни, олар өз дәлелдемелеріне сенбей, оларды ашық талқылаудан өздері бас тартты, дәлелдері көк тиын екенін және бұл шын мәнінде макулатура екенін түсінді», - деді заңгер.

Айжан Тәшенова қоса берілген құжаттарды жариялады. Онда Мамай мен Иманбаеваның шоттары бойынша төлем тапсырмаларын, сот орындаушысынан «Болашақ» корпоративтік қорына ақша аудару бойынша төлемді, Мамайдың ақша жинау туралы постына пікірлердің скриндерін, жауапкерлердің 2 мың парақтан тұратын жалған дәлелдерін жария түрде қараудың «тікелей эфиріне» сілтемсі қоса берілген.

«Мамай және Ко-ның әлі талай цирк қойылымдарын көреміз деп ойлаймын, бірақ қалай болса да соңында Мамай мен Иманбаева сот шешімін толық көлемде орындайды. Мен бұл мәселені соңына дейін жеткіземін. Сот шешімінің орындалуы туралы сіздерді әрі қарай да хабардар етіп отырамын», - деп жазды заңгер.

Серіктес жаңалықтары