31.08.2021, 14:13
Жаңалықтар
Жарылыс болған жерде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ - Жамбыл облысы
Жамбыл облысы әкімі шешімінің жобасы жарияланды
скриншот: видео
«Ашық НҚА» сайтында Жамбыл облысы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің жобасы жарияланды.
Мәтінде ол туралы былай көрсетілген:
- Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
- Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.
Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)