Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны тағы көбейді
Елімізде өткен тәулікте көз жұмғандар саны 157 адамға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі 29 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 135 адам қайтыс болды.
29 тамыздағы мәлімет бойынша, 115 489 адам коронавирус инфекциясынан (–108 651+ және 6 838 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 753 пациент стационарда, 89 736 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 796 адамның жағдайы ауыр,
• 493 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 237 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 27 тамыздағы мәлімет бойынша 273 жаңа жағдай тіркелді, 113 адам жазылып шыққан, 22 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
науқастар саны – 69 630;
өлім жағдайы – 4386;
барлығы 58 406 адам сауығып шықты.