26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Синоптиктер бейсенбі, яғни 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен оңтүстік-шығыста, оңтүстікте таулы аудандарда және солтүстік-батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда бұршақ жауады».

Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан облыстарының күндіз таулы аудандарында, Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауады.

Алматы облысының күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Күндіз Қызылорда облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.