$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2021, 22:19
Жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатып алғандар да екпе ала алады – Бекшин

Алматы қаласының бас санитар дәрігері қателік жібергендердің қылмыстық жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді

Жалған вакцина паспортын сатып алғандар да екпе ала алады – Бекшин
Фото: ашық дереккөзден

Жалған вакцина паспортын сатып алған адамдар да вакцина салдыра алады. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз рақымшылық енгіздік және қателік жібергендерді қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз. Паспортты сатып алғандар вакцинациялау орталығына барып, мойындап, екпе ала алады. Ең бастысы, олар қателескенін түсінді. Вакцинация барлығы үшін ақысыз. Біздің міндет адамдарды жазалау емес. Дегенмен, сатып алғандар әрекетінің себебін түсіндіруі керек», деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева дәрігерлердің рақымшылық жасау туралы бастаманы қолдайтынын, халықтың вакцина алғанын дұрыс көретінін айтты.

«Қанша азаматтың вакцина төлқұжатын сатып алғанын білмейміз. Бірақ біз, дәрігерлер рақымшылық жасау идеясын қолдаймыз. Науқасты емдегеннен, оған вакцина салған дұрыс», деді ол.

Серіктес жаңалықтары