$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2021, 09:59
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 136 млн теңгеге мұз айдыны салынады

Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды

Нұр-Сұлтанда 136 млн теңгеге мұз айдыны салынады
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда «Сарыарқа» ауданында мұз айдынына 136 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Тапсырыс беруші – «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – эстетикалық безендіру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – ғимараттарды, құрылыстарды, қоғамдық және басқа да орындарды қысқы кезеңге дайындау жөніндегі қызметтер; жоспарлы сомасы – Т135 714 285,71», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Өтінімдерді алдын-ала қабылдау 24 тамыз 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, 1,8 мың ш.м. алаңды мұз айдынын құюға дайындау, мұз айдынын құю, оған ары қарай күтім жасау жұмыстары жасалуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары