ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Елордада қала тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылды

Қазіргі уақытта астанада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданындағы елдімекендердің тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 елдімекендерінен емханаларға дейін арнайы автобустар жүреді.

Автобустардың жүретін уақыты мен орындары туралы ақпаратты елдімекендердің инспекторларынан білуге болады.

Агроқалашық елдімекенінің инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99.

Көктал -1 және Көктал-2 елдімекендерінің инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01.

Қазіргі таңда Сарыарқа ауданында орналасқан емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, індетпен күресудің ең тиімді әдісі – халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен СҮ-де 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.