Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
23 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспассөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.
«Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ертең, 23 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады.