20.08.2021, 16:25
Жаңалықтар
Алматы полицейлері жаңа мотокөлік алды
Жеке құрамды алдын ала автокөлікті басқаруға үйреткен
Алматы полицейлері жаңа мотокөлік алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полицияға және жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 “КТМ” мотоциклдері берілді. Олар көліктер көп кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кептелісті реттеуге және жол-көлік оқиғасы болған жерлерге жедел жетуге арналған.
Полицияда жеке құрамды алдын ала автокөлікті басқаруға үйреткенін атап өтті. Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының пікірінше, мобильді болуға мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және шаһар жолдарындағы жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.

Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
