20.08.2021, 12:33
Жаңалықтар
Қытайда 3 бала тууға рұқсат берілді
Елде отбасын жоспарлау және бала туу саясаты қайта қарастырылды
Фото: ашық дереккөзден
Қытайда 3 бала тууға рұқсат берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жаңа заңға сәйкес ерлі-зайыптылар 3 бала тууға құқылы. Құжатты Қытай парламентінің тұрақты комитеті мақұлдап отыр. Заңда отбасына қолдау көрсету шаралары қарастырылған. Оған қаржылай көмек, салық механизмінде және білім беру саласындағы жеңілдіктер мен тұрғын үй және еңбекпен қамту мәселелері жатады. Осылайша билік бала тәрбиесіндегі қиыншылықты ата-аналардың ғана мойнына жүктемеуді жөн көріп отыр.
Үкіметтің бұл шешіміне 7-рет өткен халық санағының нәтижесі түрткі болды. Оған сәйкес Қытайда егде жастағы тұрғындардың саны артып , бала туу көрсеткіші төмендегені анықталды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді