$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2021, 09:30
Жаңалықтар

Түркістан облысында лауазымды тұлға қамауға алынды

Ол пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында лауазымды тұлға қамауға алынды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден Ashyq қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды», - делінген хабарламада.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қаласындағы уақытша ұстау изоляторы қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Серіктес жаңалықтары