20 тамызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер жұма, яғни 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек оңтүстік-шығыс таулы аудандарында, сондай-ақ республиканың шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, солтүстікте түңгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Жамбыл облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін, таулы аудандарда және облыстың батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау облысы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.