Сәкен Майғазиев қызметінен босатылды

Шымкент қаласының мәдениет саласындағы бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды

Сәкен Майғазиев, фото: ашық дереккөзден

Батырғазы Серғазиев отбасылық жағдайына байланысты, өз өтініші негізінде «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» МКҚК директоры лауазымынан босатылды.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенованың бұйрығымен «Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі" МКҚК директорының міндетін атқарушы қызметіне Асқарова Мария Келесқызы тағайындалды.

Сондай-ақ Сәкен Майғазиев шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды.

«МузАРТ» тобының мүшесі Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып 2020 жылдың желтоқсанында тағайындалды

Еске салайық, 11 тамызда Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары әшкереленгенін хабарлады

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінген.

Хабарламада айтылғандай, аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.